Казахские проектно-инжиниринговые работы

АТШ әзірлеу

Берілген габариттеріне, есептік қуатына, функционалдық міндетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нормалары жоқ өзге ерекше жағдайларға қарай ерекше параметрлері бар объектілерді жобалауда тапсырыс берушілер:

  • объектіні әзірлеуге себеп болған оның ерекшелігін көрсететін және жобалау тапсырмасынан шығатын мақсаттар мен міндеттердің ерекшеліктерін ескеретін көлемдік-жайғасымдық, құрылмалық және (немесе) инженерлік-техникалық, жобалық шешімдер бойынша арнаулы талаптардан (ұсынымдардан) тұратын;
  • сәулет, қалақұрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар мен мүдделі өзге мемлекеттік органдармен келісілетін;
  • құрылысқа тапсырыс беруші бекітетін;
  • егер осы арнаулы техникалық шарттарды келісу туралы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс істері жөніндегі өзге уәкілетті мемлекеттік органның шешімінде өзгесі көрсетілмесе, тек сол объектіге ғана қолданылатын, сол объекті үшін қолда жоқ нормативтерді ауыстыратын, жобалау және салуға арналған ерекше нормаларды – арнаулы техникалық шарттарды (АТШ) әзірлеуге бастама тастайды.

Бұдан басқа құрылысы жоспарланып отырған объектінің мәтребесі мен бірегейлігіне ерекше мән беретін біздің клиенттеріміздің жобаны немесе оның жекелеген бөлімдерін әзірлеу үшін халықаралық тұрғыда танылған жобалау компанияларын таңдайтыны, ол компаниялардың өз кезегінде халықаралық және/немесе шетел нормалары мен стандарттарын пайдаланатын жағдайлары іс жүзінде кездесіп отырады.

Қазақстан Республикасында қолданылатын құрылысты жобалауға арналған нормалардың халықаралық нормаларда баяндалған шарттардан ерекшеліктері бар. Халықаралық нормаларды қолдануға байланысты отандық стандарттар регламенттерінің жекелеген шарттарына сәйкес келмеуі жағынан қиыншылықтардың туындауына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасы халықаралық нормаларды бірегей объектілерді жобалау және салу және алдыңғы қатарлы технологиялар мен стандарттарды енгізу аясында нормативтік-құқықтық тосқауылды болдырмау мақсатында халықаралық нормаларды пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Сонымен бірге әзірленетін АТШ-та қамтылған тиісті негіздемелер болған жағдайда Қазақстан Республикасында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарынан ықтимал ауытқуларға жол беріледі.
Осыған орай АТШ объектіні жобалау және салу кезінде қолданыла алатын түрлі халықаралық нормалар мен стандарттардың ерекше талаптарын ұсынатын регламенттеуші және ақпараттық деректер түрінде беріледі.

Біздің компания мамандарының ірі және елеулі объектілерге АТШ әзірлеу бойынша, соның ішінде Қазақстанды индустриялау картасына енген айтарлықтай тәжірибелері бар.

Компанияның тәжірибесі

  • Tobacco Plant
  • regisastana
  • seifplaza
  • raduzhnyi
  • racinghotel
  • Колледжи в Алматы
  • Спорткомплекс Акбулак_1
  • subzona
  • tengripark
  • farabi
  • sholpan
  • konisbaev