Казахские проектно-инжиниринговые работы

Жобаларды қолдау

Біздің компания шетелдік жобалау компаниялары әзірлейтін жобаларды еліміздің қолданыстағы заңнамасының, сонымен қоса Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының, ережелері мен стандарттарының талаптарына бейімдеуге қатысты жұмыстар кешенін жүргізіп, сол жобаларды кеңеспен және техникалық қолдау көрсету қызметін ұсынады.

Шетелдік жобаны кеңеспен қолдауға мыналар жатады:

Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары, ережелері мен стандарттарының талаптарына сәйкес «Тұжырымдама», «Нобайлық жоба», «Жоба» және «Жұмыс құжаттамасы» сатыларында «Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамы» құрылыс нормаларының қағидаларының шарттарына сай жобаның негізгі бөлімдері бойынша кеңес беру.

Халықаралық нормаларды немесе әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің нормаларын қолдану мүмкіндіктерін салыстырмалы түрде талдау және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу бойынша халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар мен нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі туралы нормативтік құжаттарда баяндалған шарттарға сәйкес олардың талаптарын ескере отырып тиісті ұсынымдарды жасап шығару.

Жобаның барлық сатыларының қажетті жиынтығы мен рұқсат және келісім алу шараларынан өту, соның ішінде қалалық инженерлік тораптарды шығару және оларға қосылу бойынша қажетті бастапқы деректер мен техникалық шарттарды алу бойынша кеңес беру, уәкілетті мемлекеттік органдарға түрлі хаттар мен жолдауларды құруда көмек көрсету.

Шетелдік жобаны техникалық қолдауға мыналар жатады:

Әрі қарай тиісті уәкілетті органдар мен Мемлекеттік сараптамаға беру үшін Жобалық құжаттаманы жинақтау және ресімдеу, сонымен қоса:

  • Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынас жасау кезінде алынған жүйеленген барлық қажетті бастапқы деректермен (әкім қаулылары, жер пайдалану актілері, қаланың қалақұрылысы кеңесінің шешімдері, топографиялық түсірілімдер, инженерлік коммуникацияларға қосылуға жасалған техникалық шарттар, сәулет-жайғасым тапсырмасы, жобалау тапсырмасы және тағы басқалары) қоса, жоба авторлары дайындаған түсінік хаттарын Қазақстанда қолданылатын талаптарға сәйкес ресімдеу;
  • салыстырмалы құрылма есептері мен инженерлік жүктемелер есептерін орындау.

Жобаны уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдары (өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық) мен қаланың сәулет және қалақұрылысы басқармасында келісу шараларынан өту бойынша Тапсырыс берушімен бірге әрекет жасау.

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғанша жобаны қолдау және қорғау.

Компанияның тәжірибесі

  • Tobacco Plant
  • regisastana
  • seifplaza
  • raduzhnyi
  • racinghotel
  • Колледжи в Алматы
  • Спорткомплекс Акбулак_1
  • subzona
  • tengripark
  • farabi
  • sholpan
  • konisbaev