Біздің компанияның негізгі құндылығы мен саясаты – тұтынушыларымыз бен пайдаланушыларымыздың үмітін ақтап, олардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын өнімдер жасау. Осы мақсатта біз икемділігіміз бен тәжірибемізді пайдаланып, дәстүрлі ойлауды сынап, дизайн шекараларын кеңейтеміз және үнемі өзгеріп отыратын нарықтарға арналған жекелендірілген шешімдер ұсынамыз.
Компания әртүрлі күрделіліктегі жобаларды жобалауға, қолданыстағы заңнама талап ететін әртүрлі реттеуші рәсімдерді орындауға, құрылыс процестерін қадағалауға және басқа да салаларда белсенді түрде қатысатын жоғары білікті мамандарды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Жобалау тобының негізгі тобындағылар:
- «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» атағы бар мамандар
- «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағы бар мамандар
- «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағы бар мамандар
- «Жобаларды басқару» сертификаты бар мамандар
- Қазақстан сәулетшілер одағының мүшелері
- Тәжірибелі сәулетшілер мен жоғарғы деңгейлі инженерлер
Сапа
Біз жүзеге асыратын әрбір жоба еліміздің қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес келіп, біздің клиенттеріміздің жеке талаптарына барынша жауап береді. Орындалар жұмыстың сапасы қызметкерлердің көп жылғы тәжірибесімен қамтамасыз етіліп, Сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келеді.
Халықаралық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибе
Компания мамандарының жобалау құжаттамасын бейімдеу немесе халықаралық не шетелдік нормалар мен стандарттар талаптарын сақтау қажет болатын халықаралық жобаларға қатысуда көп жылғы үлкен тәжірибесі бар.
Лицензии
Біздің жобалау қызметін іске асыруға берілген лиценциямыз бар, ол бізге түрлі күрделілік дәрежесіндегі өнеркәсіптік, азаматтық және басқа объектілердің жобаларын іске асыруға құқық береді (Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға берілген №00714 МҚЛ бірінші категориялы жобалау мемлекеттік лицензиясы).