«KAZPIR» жобалау-инжинирингтік компаниясы – штатында түрлі функционалдық мақсаттағы бірінші және екінші санаттағы объектілерді жобалауда қомақты тәжірибелері бар жоғарғы білікті қызметкерлерден тұратын, еліміздің жобалау-құрылыс нарығында қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Біздің тәжірибеміз бен кәсібилігіміз клиенттеріміз үшін көрсетілетін қызметтерді жоғары сапамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біздің ықтимал және тұрақты клиенттеріміздің кез келген бірегей ойлары мен сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндіктері үшін үнемі жаңару, жетілу және даму үстіндеміз.
- Қалақұрылыстық жобалау
- Тұрғын-азаматтық объектілерді жобалау
- Өнеркәсіптік объектілерді жобалау
- Жекелеген жүйелер мен арнаулы бөлімдерді жобалау
- Құрылысты қолдау.
«KAZPIR» жобалау-инжинирингтік компаниясы – 2005 жылы жеке меншік нысанында құрылған жобалау ұйымы. Компаниямыздың мамандары Алматы мен Қазақстанның облыстық қалаларындағы көптеген бірегей объектілердің авторлары, сондай-ақ оларды жобалауға және қолдауға қатысушылар болып табылады.
Бұған қосымша біздің мамандарымыздың белгілі шетелдік компаниялардың жобаларын Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтерге сәйкес бейімдеп-қолдауда айтарлықтай тәжірибелері бар.
Біздің компанияда жобалау ісінің барлық бағыттары бойынша жоғарғы білікті мамандар ынтымақтаса жұмыс істейді: сәулетшілер, бас жоспарларды әзірлеуші мамандар, конструкторлар, жылыту, желдету, ауа баптау, газбен қамту, сумен қамту, канализация, өрт сөндіру, электр, әлсіз тоқты желілер, автоматика, сметалық құжаттаманы әзірлеу және басқа қызмет бағыттарындағы инженерлер.
Елбасының экономиканың барлық негізгі салаларында қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиясын, сондай-ақ компания мамандарының қомақты тәжірибелерін ескере отырып, біз ел аумағындағы Сіздің кез келген объектілеріңіз бойынша шынайы көңілмен ынтымақтаса қызмет етуге дайынбыз.