Күрделілігі әртүрлі жобаларды жобалауға, қолданыстағы заңнамамен регламенттелетін түрлі рұқсат шараларынан өтуге, құрылыс барысын қолдауға және қызметтің басқа бағыттарына белсенді қатысатын штаттағы мамандардың жоғарғы біліктілігі мен қомақты тәжірибесі біздің компанияның негізгі құндылығы болып табылады.
- «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» атағы бар мамандар
- «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағы бар мамандар
- «Жобаларды басқару» сертификаты бар мамандар
- Қазақстан сәулетшілер одағының мүшелері
- тәжірибелі сәулетшілер мен жоғарғы деңгейлі инженерлер
Біз жүзеге асыратын әрбір жоба еліміздің қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес келіп, біздің клиенттеріміздің жеке талаптарына барынша жауап береді. Орындалар жұмыстың сапасы қызметкерлердің көп жылғы тәжірибесімен қамтамасыз етіліп, Сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келеді.
Компания мамандарының жобалау құжаттамасын бейімдеу немесе халықаралық не шетелдік нормалар мен стандарттар талаптарын сақтау қажет болатын халықаралық жобаларға қатысуда көп жылғы үлкен тәжірибесі бар.
Біздің жобалау қызметін іске асыруға берілген лиценциямыз бар, ол бізге түрлі күрделілік дәрежесіндегі өнеркәсіптік, азаматтық және басқа объектілердің жобаларын іске асыруға құқық береді (Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға берілген 28.01.2016 жылғы №00714 МҚЛ бірінші категориялы жобалау мемлекеттік лицензиясы).