Казахские проектно-инжиниринговые работы

Қызметтің негізгі түрлері:

  • Тұрғын-азаматтық және өндірістік объектілерді жобалау
  • Инфрақұрылымдық объектілерді жобалау
  • Технологиялық жобалау
  • Ғимараттар мен имараттардың күйін техникалық жағынан зерттеу
  • Ғимараттар мен имараттар жобаларын сараптау
  • Жобалау барысын кеңеспен қолдау
  • Құрылыс барысын авторлық қадағалау және қолдау
  • Инжинирингтік қызметтер
  • Арнаулы техникалық шарттарды әзірлеу
  • Смета құру

Ықтимал мүмкіндіктердің сипаты

«KAZPIR» жобалау-инжинирингтік компаниясы – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан келешегі зор компаниялардың бірі, жеке меншік нысанында 2005 жылы құрылған компания болып табылады.

Компаниямыздың мамандары Астана, Алматы және Қазақстанның облыстық қалаларында орналасқан объектілерге арналған көптеген бірегей жобалардың авторлары әрі қатысушылары болып табылады.

Компаниямызда жобалау ісінің барлық бағыттары бойынша жоғарғы білікті мамандар табысты жұмыс істеп келеді: сәулетшілер, бас жоспарларды әзірлеуші мамандар, конструкторлар, жылыту, желдету, ауа баптау, газбен қамту, сумен қамту, канализация, өрт сөндіру, электр, әлсіз тоқты желілер, автоматика, сметалық құжаттаманы әзірлеу инженерлері мен экономистер.

Біздің негізгі қызметкерлеріміз Алматы қаласында орналасқан, жұмыс істеуге қажетті барлық компьютерлік және басқа жабдықтармен жарақталған орталық офисте шоғырланған.

Біздің компаниямыз орындайтын жұмыстар тізбесінің құрамы қомақты, ол келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

  • жобаның барлық сатылары (Тұжырымдама, ТЭН, Нобайлық жоба, Жоба және Жұмыс құжаттамасы) бойынша немесе оның жекелеген бөлімдерінде кез келген сатылар бойынша жобалау жұмыстары;
  • құрылыс барысын авторлық қадағалау өкілдерінің қолдауы;
  • Тапсырыс берушіге жобаны жергілікті қалалық және мемлекеттік органдарда келісуге көмек көрсетуді, шетелдік компаниялар әзірлеген жобаларды жергілікті жағдайларға бейімдеуді қамтитын жобаларды кеңестермен және сараптамалық қолдау;
  • арнаулы техникалық шарттарды әзірлеу және басқа қызметтер.

Компаниямыздың қызметі лицензиялар мен басқа да рұқсат құжаттарының, соның ішінде қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес регламенттелген құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Компанияның тәжірибесі

  • Tobacco Plant
  • regisastana
  • seifplaza
  • raduzhnyi
  • racinghotel
  • Колледжи в Алматы
  • Спорткомплекс Акбулак_1
  • subzona
  • tengripark
  • farabi
  • sholpan
  • konisbaev